Тамырсыз тал болмайды, тарихсыз ел болмайды
Тамырсыз тал болмайды, тарихсыз ел болмайды
Ұлы даланың жеті қырының кез келгені – Қазақ елінің өміріндегі ерекше мұра. Жаһандану кезеңінде, ұлт тарихының мәдениеті мен құндылықтарын білу, насихаттау әрі сақтау елді бекемдеудің тікелей кепілі. Ал Түркістан халқымыздың рухани орталығы ғана емес, сондай-ақ, бүкіл түркі әлемі үшін киелі орын болып саналады деген сөздер әрбір қазақтың жүрегіндегі мақтаныш сезімін оятады деп ойлаймын.
Мақаланың алғашқы жеті тарауында бабаларымыздың өз заманында жеткен жетістіктері мен технологиялық жаңалықтарын жіліктеп түсіндіріп, құйма құлаққа құйып, көкірегінде көзі барға көрсетіп, бүгінгінің саналы ұрпағына ұқтырып отыр. Ең аяғы, Сиверс алмасы мен Регель қызғалдағының тарихи Отаны Қазақстан екенін дәлелдейді. Қазақ халқының өмір сүру дағдысы, тұрмысы, салт-дәстүрі жайлы білу, соны сақтап кейінгіге үйрету ұрпақтарының парызы. Ашқан жаңалықтарын, жеткен жетістіктерін кейінгіге аманаттап кетеді. Сол аманатты Елбасымыз Түркі әлемінің бесігі – Тәуелсіз Қазақстанның жастарына «Жастар жылын» жариялай отырып, шыққан тектерімен таныстырған мақала жолдап отыр
«Түркі өркениеті: түп-тамырынан
қазіргі заманға дейін» атты жобаның аясында Түркістан қаласында,
тарихи мұраларымыздың негізінде түркі әлемінің орталығын – музейін ашу,
өткенмен қазіргі уақыттың тығыз байланысын көрсетумен қатар, келесі ұрпақ үшін
де маңызы зор болар еді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болатын
Елбасының тарихи сананы жаңғыртуға бағытталған ұсыныстары мемлекетіміздің
нығаюына септігін тигізетініне толық сенімдімін. Өйткені тарихын білген
ел ғана өткеннен сабақ алып, жарқын болашаққа жол тауып жетістіктерге жетеді.
<!--
[if !supportLineBreakNewLine]
-->
<!--
[endif]
-->