Мектептің тыныс-тіршілігі » СШ№16 с.Сыпатай
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№16 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 5-16-91
Есепші бөлімі:
+7(72632) 5-16-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектептің тыныс-тіршілігі
13
март
2017

Мектептің тыныс-тіршілігі

Мектептің тыныс-тіршілігі
Мектеп – шағын мемлекет.Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса,ол-кемел ұстаз.Міне,сол сүйіспеншіліктің арқасында,біздің №16 орта мектептің өз жетістіктері жетерлік.Әр кішкене жеңіс-ол мұғалімдер мен оқушылардың арқасында үлкен жеңіске айналады. Бұл жеңістің барлығы да түрлі байқаулардан,олимпиадалардан, интеллектуалдық марафондардан шығады.
Алдымыздағы апта көптеген жетістіктерге толы болды. Атап айтатын болсақ, «Әлемді тербеткен ана» атты қашықтық байқауының ІІІ орын иегері 10 «А» сынып оқушысы Жұман Дарын. «Үміт» сарайында Мәңгілік Ел басшыларының ұйымдастыруымен өткен «Салт - дәстүрім сарқылмайтын байлығым» атты байқауға 8-10 сынып арасында оқушылар қатысты. .
Бұл байқаудың мақсаты ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрді жаңғырту.
9 «А» сыныбының оқушысы Әуез Эленора өзінің әуезді әдемі таныстыруымен, Әубәкір Бекжан өрім өру бойынша берілген тапсырмаларды өз деңгейінде орындағаны үшін, Дүйсебай Айзада мақал-мәтелді нақышына келтіре айтуымен, 10 «А» сынып оқушысы Елубай Мұхамеджан салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға нақты жауап бергені үшін, 8 «А» сынып оқушысы Бейсембетова Айжан өзінің бал тамған қолымен кестелеген кестесін көрсете білді. Оқушылар өздерінің актерлық қабілеттерімен салт-дәстүрге байланысты көрністері жоғары деңгейде көрсетілді. Осы сайыста оқушыларымыз ІІ орынды қанжығаларына байлап келді.
Сонымен қатар, наурыз айының он бірі күні «Ақберен» Республикалық байқауының аудандық кезеңі болып өтті. Бұл байқауға мектебімізден 8 «А» сынып оқушысы Сүгірбек Ұлмекен Көркемсөз жанрына, 10 «А» сынып оқушысы Жұман Дарын эссе жанрына, 10 «Б» сынып оқушысы Яроманов Сұлтан күй жанрына қатысып, екі оқушымыз ІІІ орынды иеленіп қайтты.
Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.

Похожие публикации:

28 апрель 2017 №16 орта мектеп
25 апрель 2017 Ақпарат