09
ноябрь
2017
«Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары»
«Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары»
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаң¬ғыру» атты мақаласы аясында «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» атты педагогикалық ұжымдар көркемөнерпаздары шығармашылығының VІІ аудандық фестивалі Ақарал ауылдық мәдениет үйінде өтілді. Фестивальға бес мектеп қатысты. Атап айтар болсақ №5, №14, №16, №19, №23 мектептер қатысты. Берілген бағдарлама бойынша әр мектептің ұлағатты ұстаздары өз өнерлерін көрсетті.
№16 орта мектебі екінші номерлі болып шығып, өнерлерін көрсетті. Фестивальға «Қазақстан алға!», «Казахстан» әндері таңдап алынды. Хордың құрамы 70 адамнан тұрды. Хор бірізді, әдемі, әуезді айтылды.
Ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болады демекші, хордан кейін мектебіміздің ұстаздары қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілінде көркем сөз оқыды. Өлеңді ішкі жан-дүниесімен, мәнерімен, баяу, ерекше оқыған Джасыбаева Асем, Кикинадзе Халида, Алиева Эльнара, Абишева Лаззат, Смагулова Балжан, Төкен Нарқыз, Коркмазова Карина, Оспанова Айтолқын, Құралова Сауле атты ұстаздар көрермендер көңілінен шықты.
Вокалдық жанр кезеңінде «Қамажай» әнімен Абдрасилова Ару, Исламова Балжан, Сауранбаева Балжан өз мамандықтары болмаса да әсем әуенімен, мың бұралған билерімен көрермендерді өздеріне баурап алды.
Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады. Бұл қаситті жас маман болса да өн бойынан өнерін оригиналдық жанр кезеңінде көрсете білген Совет Серікболсын Мұқағали Мақатаев пен Фариза Оңғарсынованың монологын екі бейнеде оқып, ерекше көзге түсті.
Өнер мен білімді ұштастыра білетін ұстаздар «Қара жорға» күйін оркестрмен орындап, «Алдымда толған мақсат, толған таңдау...» атты драманы, «Чечен» биін жоғарғы деңгейде көрсетіп шықты. Фестивальдің соңын Абдрасилова Арудың орындауындағы Роза Әлқожаның «Атамекен» атты әнімен аяқтады.
Ұстаз, жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ демекші мектеп ұжымына дән риза болған қазылар алқасы сыйлықтарын тапсырып, ризашылықтарын білдірді.
№16 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті
пәндерінің мұғалімдері: Абишева Л.С, Ажибаева А.Д.