«Жазықсыз жазаланған жайсаңдар» » СШ№16 с.Сыпатай
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№16 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 5-16-91
Есепші бөлімі:
+7(72632) 5-16-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жазықсыз жазаланған жайсаңдар»
03
июнь
2018

«Жазықсыз жазаланған жайсаңдар»

«Жазықсыз жазаланған жайсаңдар»
ХХ ғасырдың 80-жылының ортасына дейін әртүрлі ұлттардың Қазақстан территориясына жер аударылуы мен оларды қоныстандыру мәселесі мүлдем жабық тақырып болды десек те болады. Себебі кеңестік жүйе республикадағы еш қысымсыз, тату-тәтті, бірлікте, ынтымақта өмір сүріп жатқандығын дүниежүзіне көрсетуге тырысты. Сондықтан ұлт мәселесіне қатысты барлық мәселелер құпия әрі қатаң түрде қадағаланып отырды. Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын 1930 жылдары Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған. Жалпы 1930-1953 жылдары аралығында 40 миллионнан астам кеңес азаматтары репрессияға ұшыраған. Әсіресе бұл заңсыз жазалауға Кеңес Одағы құрамында болған барлық халықтар мен ұлттардың бетке ұстар интелегенция өкілдері ұшыраған. Осы кезеңде қазақтардың 40 пайызы қаза тапқан. Ал Қазақстан аумағында орналасқан лагерлерге корейлер, поляктар, Еділ немістері, Қырым татарлары, Кавказ халықтары және басқа да ұлт өкілдері қоныс аударылып келген. Мемлекетіміздің көпұлтты бейнесінің қалыптасуына өзіндік үлесі қосушы әрбір диаспораның қазақ жеріне түрлі жағдайда, тағдырдың тәлкегімен қадам басқандығы бүгінде баршаға белгілі. Қазақстанның көп ұлтты, көп конфессиялы қоғамында өмір сүріп жатқан түрлі халықтың арасында поляк ұлты өкілдерінің де өзіндік орны бар. Қысқаша ақпарат беретін болсақ, поляктар – славян текті, оның ішінде батыс славян тіл тармағына жатқызылатын, басым көпшілігі христиан дінінің католик тармағын ұстанатын еуропалық халық. Халықтың негізгі көпшілігі тарихы отаны Польша аумағын мекендейді Бүгінгі күні әлемнің көптеген мемлекеттерінде өмір сүріп жатқан поляк диаспорасы жалпылама «Полония» атауымен белгілі. Қазақстандық поляктардың қалыптасуы – түрлі саяси жағдайда жүзеге асқан, ұзаққа созылған күрделі үдеріс еді. Осы орайда ағымдағы 2018 жылдың 31-мамыры күні саяси қуғын сүргінге ұшырағандарды еске алу күніне орай №16 жалпы білім беретін мектебінде «Жазықсыз жазаланған жайсаңдар» атты тарихи кеш өткізілді.Шара барысында зобалаң жылдардың зұлматы жайлы мағлұматтар беріліп, қазақ халқының сан қилы қиындықтарды бастан өткергенін, қазақ зиялыларының басынан кешкен қиын жағдайлары жайлы айтылды.Кешіміздің басты қонақтары сонау Польша жерінен келген қонақтарымыз еді. Поляктардың бізге келуінің себебі тарихтың қойнауында жатқан Сыпатай батыр ауылында жатқан поляктар жерленген бауырластар зиратына байланысты еді.Келген Поляк қонақтарымыздың басты мақсаты ата-баба рухына тағзым етіп ауылда тұрған бауырластар зиратына гүл шоқтарын қойып әрмен қарай еске алу кеші мектебімізде жалғасын тапты. Қонақтарымыздың жан тебірентерлік әсерлі лебіздері қазақтай дархан халықтың кеңпйілдігіне басйіп қиын қыстауда зұлматты заманда құтқарғандарына үлкен алғыстарын білдірумен болды.Кешімізде екі елдің достығының белгісі ретінде бірлескен концерттік бағдарлама өтіп көрермендерімізге тамаша көңіл күй сыйланды.



Бірәлі Нұрғалым №16 ЖББ мектебінің мұғалімі Меркі ақиқатына
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив