05
ноябрь
2025
«Мектепке және мектептің аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдалануы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесі» тексеру жұмыстары жұргізілді
2025 жылы қараша айының 4 күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы №235 бұйрығымен бекітілген «Мектепке және мектептің аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдалануы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесі» туралы бұйрығын орындау мақсатында мектеп инспекторының қатысуымен тыйым салынған заттарды алып жүрмеулері туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді. Мектепке және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған өткір, кесетін т.б. денеге қауіп төндіретін заттардың әкелмеуін қамтамасыз ету мақсатында қатаң түрде ескерту жасалынып, 5-11 сыныптар арасында тексеру жұмыстары жүргізілді.

