«Тілі жоғалған ұлттың,өзі де жоғалады» » СШ№16 с.Сыпатай
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№16 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 5-16-91
Есепші бөлімі:
+7(72632) 5-16-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Тілі жоғалған ұлттың,өзі де жоғалады»
21
сентябрь
2017

«Тілі жоғалған ұлттың,өзі де жоғалады»

«Тілі жоғалған ұлттың,өзі де жоғалады»
А. Байтұрсынов.
Тіл-адамзаттың басты құндылығы. Тіл қарым-қатынас құралы.Яғни,тіл-халықтың
арманын жүзеге асыратын негізгі күш. Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз, ағылшын тілін үйренеміз деген ұранмен мектебімізде 22 қыркүйек халықаралық тілдер мерекесіне орай «Тіл-татулық тірегі» тақырыбында апталық өтті. Біздің мектебімізді бүгінде бір шаңырақ астында өзге ұлт өкілдері білім алуда.
«Халақтың қуаты бірлікте» демекші мектебіміздегі әр ұлт өкілдері үлкен отбасының мүшелеріндей болып кетті. Олар әрқайсысы ұлттық орталықтарына кіріп қана қоймай, туған мектебі мен сол орталықтың арасында дәнекер болып та жүр.
Апталық салтанатты түрде ашылып, алғы сөзді мектеп директоры Муратова Гулжамал Әлметқызы сөйлеп, еліміздің болашақ ұрпағын заман талабына сай білімді, жан-жақты рухани байлық пен адамгершілігі мол, Отанын, халқын, тілін шексіз сүйетін шынайы азамат, мектеп мәртебесін биіктетер мақтанышы бола беріңдер – деп игі тілегін білдірді.
«Үлгіге қарап ұрпақ өседі» деп тегін айтпаған.
Ұлылардың мұрасы да, мұраты да, атақ даңқы да кейінге мұра.
«Жүргенімен тынбаймын төгілмей ән
Сырым менің сондықтан көбіне аян
Боямасыз шындықтың суреті бар
Өлеңімнің әр жолы өмірбаян» - деп өнер өлкесіне өзіндік қолтаңбасын қалдырған қазақ, орыс, ағылшын қаламгер ақын жазушыларымыздың өлеңдерін жырлап, өзіндік даусымен, мәнерімен ерекшеленген сыныптар да болды. Атап айтсақ: 5 А сынып оқушылары Манапалы Ж, Смат М, 9 А сынып оқушысы Сугурбек У, 11 Б сынып оқушысы Мералиева К т.б
Балдырған бал тілімен 1 б сынып оқушылары көрініс қойып көрермендерді күлкіге үйірді.
3Б, 4Б орыс сыныбының оқушылары қазақ тілінде өлең жырлап, өзіндік балғын тілімен көрермендерді тәнті етсе, өлең жырды нұрға бөлеген Қайнарбек Аружан мен Жарылхасын Айгерім «Анамның тілі» әнін орындаса, 10 А сыныбының оқушысы Дүйсебай Айзада ағылшын тілінде ән шырқады. 5-11 сынып оқушылары ағылшын, орыс тілінде мәнерлеп өлең жырлады.
Аптаның әр күні түрлі қызықты іс-шараларға ұласуда.Тіл тек қана байланыс құралы емес,ол әрбір азаматтың рухани байлығы екенін оқушыларға түсіндірудеміз.Біздердің алдымызда үлкен міндет ол-өзге ұлт өкілдерінің балалары қазақ тілін толық меңгеріп,біліп шығуына еңбек ету.Мектебімізді бітірген әрбір оқушы қазақ тілін толық меңгеріп,оқи да,жаза да,сөйлей де алатынын мақтаныш тұтамыз.