Тамақтану сапасына мониторинг
№16 ЖОББМ 17 желтоқсан 2025 жылы тамақтандыру сапасына, санитариялық эпидемиологиялық талаптардың сақталуына бракераж комиссияларының мониторинг жұмыстары ұйымдастырылып, талдау жүргізілді. Мектеп асханасында азық-түліктерді уақытылы пайдалану, олардың сақталу мерзімі, перспективалық мәзірдің және күн сайынғы мәзірдің дайындалған астардың сәйкестігін тексеру, балалардың қол жуатын орындары, астарды тоңазытқыштарда, қоймаларда, сақтау, ас әзірлейтін блоктың санитарлық жай-күйі, келіп түскен тамақ өнімдерінің сапасын, дайын тағамның сапасын бақылау жүргізілді. Тексеру нəтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 жұмыс күні ұсынылады.
Мониторинг нәтижесі бойынша акт рәсімделіп, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті жауапты мамандарға кемшіліктерді жою туралы келесі ұсыныстар берілді.
- Аспазшылар сырт киімі таза емес, кір болған кемшіліктерді түзету аспазшы М.Насруллаеваға жүктелсін.
- Нан цехында нан үгінділері жиналмаған, кемшіліктерді түзету аспазшы М.Насруллаеваға жүктелсін.
- Сұйық сабын толықтырылсын, еден жуушы Д.Османоваға жүктелсін.
- Тазалық жүргізу журналы уақытында толтырылмаған, еден жуушы Д.Османоваға жүктелсін.
Анықталған кемшіліктерді шұғыл түрде жойуға комиссия тарапынан жауапты мамандарға ұсыныс айтылды.


