Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу АКТ
№16 ЖОББМ 8 желтоқсан 2025 жылы тамақтандыру сапасына, санитариялық эпидемиологиялық талаптардың сақталуына бракераж комиссияларының мониторинг жұмыстары ұйымдастырылып, талдау жүргізілді. Мектеп асханасында азық-түліктерді уақытылы пайдалану, олардың сақталу мерзімі, перспективалық мәзірдің және күн сайынғы мәзірдің дайындалған астардың сәйкестігін тексеру, балалардың қол жуатын орындары, астарды тоңазытқыштарда, қоймаларда, сақтау, ас әзірлейтін блоктың санитарлық жай-күйі, келіп түскен тамақ өнімдерінің сапасын, дайын тағамның сапасын бақылау жүргізілді. Тексеру нəтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 жұмыс күні ұсынылады.
Мониторинг нәтижесі бойынша акт рәсімделіп, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті жауапты мамандарға кемшіліктерді жою туралы келесі ұсыныстар берілді.
- Қойманың санитарлық жағдайы талапқа сай емес, кемшіліктерді түзету аспазшы М.Насруллаеваға жүктелсін.
- Қоймада ішкі заттың арнайы жәшіктері таза емес, еден жуушы Д.Османоваға жүктелсін.
- Тұрмыстық бөлмеде санитарлық талаптар сақталмаған, еден жуушы Д.Османоваға жүктелсін.
Анықталған кемшіліктерді шұғыл түрде жоюға комиссия тарапынан жауапты мамандарға ұсыныс айтылды.


