01
апрель
2026
"Жас археологтар"
1.04.2026 ж. Бүгін "Жас археологтар" көне Меркі қалашығына қызықты саяхат жасады. Қаланың тарихи орынмен танысып, бұрынғы археологиялық қазба жұмыстарын бақылап, ежелгі заттардың сынықтарымен танысты. Жетекшілері бұл жердің Ұлы Жібек жолындағы маңызды қала болғанын түсіндірді. Саяхат барысында балалар көп жаңа мәлімет алып, тарихқа деген қызығушылықтары арта түсті.Ең алғаш рет Меркі қалашығы 1893-1894 жылдары В. В. Бартольдтың Орта Азияға ғылыми сапары барысында зерттелді, ол Шымкент, Тараз, Тарты (Құлан) және Меркі арқылы жүріп өтті.
1936 жылы қалашықта А. Н. Бернштамның жетекшілігімен КСРО ҒА Қазақстан бөлімшесі мен Материалдық мәдениет тарихы институтының Жетісу археологиялық экспедициясы зерттеулер жүргізді. Көне қаладан жинап алған қыштар ғалымдардың тұжырымдауы бойынша, негізінен VІ–ХІІІ ғасырларға жатқызылды.
1964 жылы К. М. Байпақовтың жетекшілігімен бұл жерге қазба жұмыстары жүргізілді. Қамалдағы шурфтың (жер бетінен тік немесе көлбеу қазылатын қазба) жоғарғы қабатының кесілген жері Х–ХІІІ ғасырларға жатады.
2006-2007 жылдары А. А. Нұржанов қамалдың солтүстік қабырғасына жанасқан аумаққа археологиялық қазба жұмысын жүргізді.
[media=

]