28
февраль
2022
Тамақтану сапасын мониторинг жүгізу акт
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы
АНЫҚТАМА
№16 ЖОББМ 28 ақпан күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 жұмыс күні ұсынылды.
Тексеру нәтижесінде тамақ өнімдерінің сапасы, олардың тасымалдау, жеткізу, түсіру шарттары талапқа сәйкес. Асхананың жұмыс кестесіжасалған, талапқа сәйкес орындалған.
Мектеп асханасының тамақтану бөлімінде қол жуатын орындарда арнайы кептіргіштер болмағандықтан, қағаз сүлгілер пайдаланылады.
Асхана және ас үй ыдыстарының, асхана аспаптары талапқа сәйкес, шеті сынған ыдыс жоқ. Ыдыстың қосалқы жиынтығының жеткілікті.
Ас блогындағы санитарлық жағдай қалыпты, талаптар сақталған. Ас блогының үй-жайын тазалау кестесіне талапқа сай.
Қойма, ет цехы, нан цехы бөліктерінде санитарлық талаптар сақталған. Тоңазытқыштарда жабдық мақсаты көрсетілген. Температуралық режим сақталған. Термомертлер бар. Тауар көршілестігін сақтау талаптары бұзылмаған.
Пісіру цехында персоналдың қолын жууы үшін арнайы орын қарастырылған. Кептіру үшін бір реттік қағаз сүлгілерді пайдаланған.
Персоналдарға арналған тұрмыстық бөлмеде қызметкерлердің жеке заттарын сақтауға арналған арнайы бөлме қарастырылған. Заттары арнайы киім сақтауға арналған шкафтарға ілінген.
Мектептің материалдық базасында персоналдарға арналған душ қарастырылмаған.