09
октябрь
2024
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу»
2024 жылдың қазан айының 8 күні 6-11 сыныптың ұлдары арасында мектеп инспекторы Тупеков Еркебұлан Аяпбергеновичтің қатысуымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында жиналыс, профилактикалық жұмыс жүргізілді. Жиналыс барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, нашақорлық, лудомания, вандализм, буллинг пен кибербуллинг, зорлық-зомбылық пен әлімжеттіктің алдын алу мәселелері айтылды. Сонымен қатар қылмыстық іс-әрекет үшін заң бойынша қолданылатын жаза түрлері туралы ақпарат берілді. Кәмелетке толмаған жасөспірімдерге кешкі мезгілде сағ 22-00ден кейін ата-анасыз(Заңды өкілінсіз) жүруге,топқа бірігіп ойын-сауық ұйымдастыруға тыйым салынатындығы туралы ескертілді. Қылмыстық жауапкершілікке қылмысты жасау кезінде жасы 16-ға толған азаматтар тартылатындығы белгілі, алайда қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, ауырлататын мән-жайларда денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру, зорлау, жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері, ұрлау, қарақшылық, қорқытып алу, ауырлататын мән-жайларда көлікті айдап кету, адамды кепілге алу, бөгде адамның мүлкін ұрлау немесе қорқытып алу, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен басқа да құрылғылар, ауырлатылған мән-жайларда бұзақылық, есірткі заттары мен психотроптық заттарды қолдану немесе тарату, ауырлатылған мән-жайларда тұлғалар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылу мүмкін екендігі туралы түсіндіріліп айтылды.