16
сентябрь
2024
«Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы
Жамбыл облысының полиция департаментінің 2024 жылғы 12 қыркүйектегі №1-5/1-4-34/5219-И хатына сәйкес, 17.09.2024ж. күні №16 жалпы орта білім беретін мектебінде учаскелік полиция қызметкері Халықов Б. қатысуымен «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты- жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу, оның ішінде мектеп оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу. Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелестің, әлімжеттік көрсетумен бопсалаудың алдын алу, жол қауіпсіздігі, сонымен қатар құқық бұзушылыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу бағыттарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жасөспірімдер арасында болып жатқан қылмыстардың көбейіп кеткендігі және қылмыстық жауапкершілік туралы, кибербуллинг, буллинг, қылмыс пен құқық бұзушылық фактілерінің түбі, заң аясында жауапкершілікке тартылатындығы туралы түсіндірме мәліметтер айтып өтті. Оқушыларға күндіз және түнде бей берекет жүріске жол бермеу, керектігін ескертті. Оқушылары арасында ақша бопсалау, күш көрсету арқылы әлімжеттік жасау, топтық бұзақылықтардың алдын алу, әлімжеттік жасау, топтық бұзақылықтардың алдын алу бойынша,ұсақ бұзақылық, ұрлық, қорқытып алу секілді қылмыс түрлеріне қолданылатын жазалау шаралары жеткізіліп, заңсыз әрекеттерді жасағаны үшін туындайтын қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік салдарлары түсіндірілді