14
февраль
2024
"Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет" тақырыбында кездесу өткізілді.
13.02.2024ж күні №16 жалпы орта білім беретін мектебінде "Құқықтық тәрбие-құқықбұзушылықтың алдын алу" айлығы аясында жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында 8-11 сынып білім алушыларымен "Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет" тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге АПБ ЖПҚБ ЮПТ полиция майоры Тупеков Еркебулан Аяпбергенович қатысып, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелестің, әлімжеттік көрсетумен бопсалаудың алдын алу, жол қауіпсіздігі, сонымен қатар құқық бұзушылыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу бағыттарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кәмелетке толмаған жасөспірімдерге кешкі мезгілде сағат 22-00ден кейін ата-анасыз жүруге,топқа бірігіп ойын-сауық ұйымдастыруға тыйым салынатындығы туралы ескертілді.