03
март
2023
«Жасөспірімдер арасындағы буллинг мәселесі»
Меркі ауданы білім бөлімінің 2023 жылғы 24 ақпандағы №03-870 хатына сәйкес 2023 жылы 3 наурыз күні №16 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Муратова Гульжамал Алметовна, Меркі АПБЖПҚБ-нің Учаскелік полиция инспекторы Халықов Білімжан Маликұлы, АПБ ЖПҚ ЮПТ полиция майоры, мектеп инспекторы Тупеков Еркебулан Аяпбергеновичтың қатысуымен ата-аналармен және 9-11 сыныптың білім алушыларымен «Жасөспірімдер арасындағы буллинг мәселесі» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналыста мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында техникалық құралдардың дамып, компьютерлер мен ұялы телефондардың енуімен пайда болған қудалаудың жаңа түрі кибербуллинг мәселесі бойынша айтылды. Кибербуллинг бойынша барлық адамдарға мейлі ол жасөспірім болсын жас ерекшелігіне қарамастан кері әсерін тигізетіні, сондықтан ата-аналар тарапынан балаларды қадағалау, олардың кіммен-қалай сөйлесіп жатқаны туралы анықтау керек екені айтылды. Ата-аналар арасында азаматтардың, не баланың заңды өкілдерінің балаға қатысты кибербуллинг фактілерін анықталған жағдайда, құқыққа қайшы әрекеттері орын алатын интернет ресурстың атауын көрсете отырып, жасалатын кибербуллинг фактілері туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгіну мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар кәмелетке толмаған жасөспірімдерге көлік, мотоцикл, мопед немесе скутер болсын айдауға болмайтындығы және заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 23-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде, кафе-барлар, мейрамханаларда болуына тыйым салынатындығы туралы ескертіп айтты.