18
ноябрь
2022
"Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында жиналыс өткізілді.
№16 жалпы орта білім беретін мектебінде "Бала құқығы-адам құқығы" айлық аясында,"Жас полиция көмекшілері" құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың, зиянды заттардың алдын алу мақсатында 7-11сынып білім алушыларымен "Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбында жиналыс өткізілді. Іс-шара барысында мектептің ішкі тәртібі мен ережелері, балаларға қатысты жасалынатын түрлі санаттағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық әрекеттердің түрлері мен ондай жағдайдан шығу жолдары, электронды темекінің денсаулыққа кері әсері, құқық бұзушылық пен оның жауапкершілігі туралы айтылды.