12
октябрь
2022
"Баланы адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеудегі ата-ананың ролі"
2022 жылдың 12 қазан күні №16 жалпы орта білім беретін мектебінде "Ашық алаң" бағдарламасы негізінде "Баланы адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеудегі ата-ананың ролі" тақырыбындағы «Диалог алаңы» түрінде құрылған жиналысқа шақырылды.
10 сынып білім алушылардың ата-аналары шақырылды. Мектеп директоры Г Муратова ата-аналарды есік аузынан жағымды көңіл-күйді қалыптастыру мақсатында амандасудың алуан түрін ұсынып, жағымды ахуал қалыптастырып, жиналысты ашты. Жиналыс "Сілкіну" психологиялық жаттығуы, «Кластер» құру, «Аяқталмаған сөйлем" әдістері арқылы жүргізілді. Ата- аналар бала тәрбиелеудегі ролінің маңыздылығын, өздерінің балалық кездегі ситуациялық жағдаяттарын еркін диалог құру арқылы жеткізді. Қатысушы екі топтан бір-бір ата-ана ашық алаңға шақырылды. Ұсынылған тақырыптар: «Баланы адалдыққа, парасаттылыққа тәрбиелеудегі ата-ананың ролі маңызды ма?», «Не ексең, соны орасың» деген тақырып төңірегінде ой қозғалды. Аудиторияда отырған ата-аналар да өз ойларын ортаға салды. Ашық алаңдағы пікір қорғау тартысты өтті.
Цифрлық оқулық платформасы (ТОPIQ) туралы да, ата-аналарға мағлұмат беріліп, тиімділігі туралы мектеп директоры айтып өтті. Жиналыс соңында адалдық жадынамасы жазылған брошуралар таратылды.