18
февраль
2022
Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі» тақырыбында 8-11 сынып қыз балаларына арналған жиналыс өткізілді
№16 жалпы орта білім беретін мектебінде қыз баланы инабаттылыққа, мәдениеттілікке, үлкенді және достарын сыйлауға тәрбиелеу мақсатында «Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі» тақырыбында 8-11 сынып қыз балаларына арналған жиналыс өткізілді.Аталмыш шарада мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Пусырова қыздардың тәртібі, достармен және құрбылармен күнделікті қарым – қатынаста жаман әдеттерден аулақ болу қағидалары туралы түсіндірді. Сонымен қатар қыздардың өзін дұрыс ұстау, ерсі қылықтар жасамау керектігін айтып өтті.Мектеп психологы А.Байназарова, Т.Мухамеджан мектеп жасындағы қыз балалардың тағдыры жөнінде тағылымды ақпарат беріп, қыздардың сырласы анасы болғандықтан, анасынан ешқандай сыр жасырмау керек екендігін баса айтты. Қыз баланы тәрбиелеу - ұлтты тәрбиелеу. Жиналыста еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді.