"ҰБТ-ға дайындық және ҰБТ кезіндегі ата-ананың жауапкершілігі, бала денсаулығын сақтау" бойынша түсіндіру, кеңес беру жұмыстарын, білім алушылармен "ҰБТ-ға сеніммен кіреміз" тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. » СШ№16 с.Сыпатай
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№16 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 5-16-91
Есепші бөлімі:
+7(72632) 5-16-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ҰБТ-ға дайындық және ҰБТ кезіндегі ата-ананың жауапкершілігі, бала денсаулығын сақтау" бойынша түсіндіру, кеңес беру жұмыстарын, білім алушылармен "ҰБТ-ға сеніммен кіреміз" тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
20
январь
2022

"ҰБТ-ға дайындық және ҰБТ кезіндегі ата-ананың жауапкершілігі, бала денсаулығын сақтау" бойынша түсіндіру, кеңес беру жұмыстарын, білім алушылармен "ҰБТ-ға сеніммен кіреміз" тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысушы мектеп бітірушілерді қолдау мақсатында №16 жалпы орта білім беретін мектебінде ата-аналар жиналысы өтті. 
Мақсаты: ата-аналарға 2021-2022 оқу жылындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу процесі туралы ақпараттандыру,  қолдау көрсету. 
Осы мақсатта білім алушылардың ата-аналарына ҰБТ- ға өтініштерді қабылдау және тапсыру мерзімдерінің өзгертілуіне байланысты ақпарат берілді. Мектеп директоры Г. Муратова ата-аналар жиналысының тақырыбы бойынша негізгі мәселерді баяндады. Ең бастысы- ата-аналарға ҰБТ қалай ұйымдастырылатыны, санитарлық талаптардың қатаң сақталуы туралы түсінік берді. Оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Баубекова Ұлттық бірыңғай тестілеу - 2022 жылғы өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі бойынша әдістемелік ұсынымдармен таныстырды. Ата-аналарға,  мектеп тарапынан мемлекеттік емтиханға дайындық жұмыстары үнемі жүргізілетіні,  кешендік тестілер апта сайын алынып,  қорытындысы шығарылып отыратындығы, таңдау пәндері бойынша тыңғылықты әзірлік үнемі бақылауда болатындығын атап өтті. Сонымен қатар, білім алушыларға тестілеу кезінде тыйым салынған заттарды қолданбаулары туралы ескертіліп білім алушылардың ата-аналарынан қол хат алынды. Мектеп психологі А.Байназарова "ҰБТ-ға дайындық және ҰБТ кезіндегі ата-ананың жауапкершілігі, бала денсаулығын сақтау" бойынша түсіндіру, кеңес беру жұмыстарын, білім алушылармен "ҰБТ-ға сеніммен кіреміз" тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив