05
апрель
2021
№16 жалпы орта білім беретін мектебінде 2021 жылдың 5 сәуір білім алушыларды тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізілді.
№16 жалпы орта білім беретін мектебінде 2021 жылдың 5 сәуір білім алушыларды тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізілді.
Мектепте жалпы көмек алатын отбасы саны 30, 1- 11 сынып бойынша 66 білім алушы (оның 1-4 сынып 26 оқушылары, 5-9 сынып оқушыларынан 35,10-11 сынып 5 аз қамтамасыз етілген отбасы балалары) «Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына 46 қосымшаға» сәйкес тамақтану объектілеріне қойылатын талаптардцы сақтай отырып, мектепте бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.Комиссия мүшелері тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшесі ДОТІЖО А.Баубекова дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бақылауды жүргізді. Санитарлық қағидалармен бекітілген нысан бойынша дайын өнім сапасына бақылау журналын жүргізу талап етілді. Қағидаларға сәйкес тамақтану сапасын мерзімдік бағалауды бракераж комиссия жүргізеді. Бракераж комиссия мүшелері азық- түліктердің сапасын тексеріп қабылдайды. Алынған азық-түліктердің сақталу мерзімін растайтын сертификаттары талап етілген. Ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың тамақтануы күнделікті қадағаланып, бракераж журналына тіркеледі. Асхананың іші таза, жарық, санитарлық жағдайы қанағаттанарлық, технологиялық құралдармен жабдықталған, үстелі жеткілікті. Асханада пышақтар, тақтайшалар толық таңбаланылған, шикі азық-түліктерге, нан өнімдері мен көкөністерге арналған орындар 1 пайыз уксус ерітіндісімен өнделген. Асханада күнделікті тамақтың тәулік сынамасы мектеп медициналық қызметкер Ф.Рахишова алынып турады. Санитарлық қағиданын 9-қосымшаның 3-нысанына сәйкес тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасына органолептикалық бағалау журналына жазба енгізілген.