01
октябрь
2020
Мектепте тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу
Бүкіл әлемдік пандемияға байланысты қашықтықтан оқыту форматы незінде мектеп қабырғасындағы асхана және буфеттер жұмысы тоқтатылған.Демек аз қамтылған білім алушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету пандемия кезінде уақытша тоқтатылды.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығын іске асыру шеңберінде тамақтану сапасын мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың,ведомствоаралық сараптамалық топтардың қызметін жүзеге асыру бойынша ұсынымдар әзірленген.2020 жылдың 10-20 қыркүйек аралығында Жамбыл облысы Меркі ауданы №16 Жалпы білім беретін мектеп сынып жетекшілері мен ата-аналарына қажетті ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Ата аналармен онлайн кездесуге шығып түсіндіру жқмыстары кеңінен түсіндірілді.