Тамақтану сапасына мониторинг
№16 ЖОББМ 22 қаңтар 2026 жылы тамақтандыру сапасына, санитариялық эпидемиологиялық талаптардың сақталуына бракераж комиссияларының мониторинг жұмыстары ұйымдастырылып, талдау жүргізілді. Мектеп асханасында азық-түліктерді уақытылы пайдалану, олардың сақталу мерзімі, перспективалық мәзірдің және күн сайынғы мәзірдің дайындалған астардың сәйкестігін тексеру, балалардың қол жуатын орындары, астарды тоңазытқыштарда, қоймаларда, сақтау, ас әзірлейтін блоктың санитарлық жай-күйі, келіп түскен тамақ өнімдерінің сапасын, дайын тағамның сапасын бақылау жүргізілді. Тексеру нəтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 жұмыс күні ұсынылады.
Мониторинг нәтижесі бойынша акт рәсімделіп, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті жауапты мамандарға кемшіліктерді жою туралы келесі ұсыныстар берілді.
- Сиыр еті мен құс еті бірге қайнатылған, кемшіліктерді түзету аспазшы М.Насруллаеваға жүктелсін.
- Нанның салмағы сай келмейді, кемшіліктерді түзету аспазшы М.Насруллаеваға жүктелсін.
- Арнайы тағамдар дайындалатын орындарда ұялы телефондар тұр, аспазшы М.Насруллаеваға ескерту жасалынды
- Құс еті Ресей Федерациясынан әкелінген
- Сірке суына арналған арнайы маркировка жоқ.
Анықталған кемшіліктерді шұғыл түрде жоюға комиссия тарапынан жауапты мамандарға ұсыныс айтылды.

