26
август
2021
"Ыстық тамақты ұйымдастыру"
Жамбыл облысы Білім Басқармасының 2021 жылғы 16 тамыз күнгі №03-4644 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 13-тамыздағы №3-15-2/3162-И хатына сәйкес аудандық білім бөлімінің 17.08.2021 жылғы №1041 хат негізінде №16 ЖОББ мектебінің әкімшілігінің бастамасымен арнайы комиссия құрылып, комиссия мүшелері "Ыстық тамақты ұйымдастыру" мақсатында арнайы АКТ-жобасы дарланып, отбасылық жағдайы төмен ауыл тұрғындарының және де біліи алушылардың арасында арнайы зерделеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар 2021-2022 оқу жылына мектеп асханасының дайындық жұмыстары пысықталып, осы салада атқарылуы тиіс бірқатар мәселелерді қарастырды. Оқушылардың ыстық тамақпен бір жыл бойы қамтамасыз етілітіні жөнінде ата-аналар арасында хабарландыру жұмыстары жүргізілді. Және де ата-аналар тарапынан түскен ұсыныстарда қаралып, толығымен зерделенді. Барлық санитарлық талаптар мен нормаларды сақтай отырып мектеп асханасы өз жұмысын бастауға сақадай сай.