Баяндама
Мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру
№16 жалпы білім беретін мектебінде қалай жүзеге асырып жатқанына тоқталмақпын
Тамақтану біз ойлайтындай күнделікті, майда-шүйде мәселе емес. Ол - тіршіліктің негізі болып саналатын ағзадағы зат алмасудың дұрыс жүруіне, ағзаның ішкі тұрақтылығының қалыпты сақталуына, қоршаған ортамен үйлесімді әрекеттесуіне әсер ететін ең негізгі фактор.
Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық - денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет. Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін артырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.
Сондықтан, мектепте оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалған. Әкімшілік пен мұғалімдердің айрықша бақылауымен Жалпыға ортақ білім беру қоры есебінен тегін тамақтануға құқығы бар аз қамтылған отбасылардың балалары тамақтандырылады. Мектеп бойынша тегін тамақтандырумен 26 бала, 50% ата-аналар есебінен ыстық тамақпен қамтылған. Ол жалпы оқушылардың 50% құрайды. Бір мезгілдік ыстық тамақ құны 437 теңгені құрайды.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты басшылыққа алынды.
Мектепте білім алушылар мен тәрбиеленушілердің әлеуметтік тұрмыстық жағдайына байланысты жекелеген санаттары бойынша бөлінді.
Тамыз айында мектеп бойынша әлеуметтік жағдайы төмен 10 отбасынан өтініш келіп түсті. Нәтижесінде 26 бала тізімге алынып, 3 санатқа бөлінді.
Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отыбасыларынан шыққан 1отбасы, 4 бала. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұсынылатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама қабылданды.
Ата –ана қамқорлығынсыз қалған балалар 3 отбасында 6 бала. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылық пен қамқоршылық туралы анықтама негізге алынды.
Отбасының материалдық- тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы білім беру ұйымдарының алқалық орган шешімінің, сондай –ақ қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін басқа да қажетті құжаттардың көшірмесі. 6 отбасынан 16 бала анықталды. Отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде, ыстық тамаққа
жекелеген санаттар бойынша қабылданған құжат бойынша оқушылардың тізімі 28.08 күні №1 педагогикалық кеңесте бекітілді.
Жоспарлы түрде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Биылғы оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қантардағы №20 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары» басшылыққа алынды. Мектеп асханасында азық-түліктердің сапасын және ас мәзірінің дәмдік сапасын қадағалау мақсатында ата-аналар комитеті өкілдерінің, мектеп әкімшілігінің медицина қызметкерінің және басқа адамдардың қатысуымен тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрылады, құрамы 5 адамнан тұрады.Тамақтану үшін сабақ арасындағы 20 минуттық үзілістер ұйымдастырылған.
Мектепте ата-аналармен ыстық тамақпен қамту туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Сәуірдің 27 күні жалпы ата-аналармен коучинг ұйымдастырылды.
Коучингтің тақырыбы «Дұрыс тамақтану-салауатты өмір қуанышын сыйлайды». Оның мақсаты: Мектеп оқушыларының тамақтану мәдениетін қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау, дәрумендердің адам ағзасына пайдасы туралы түсініктерін дамыту. Ата-аналар «Дәрумендер», «Көкөністер», «Жемістер» атауымен 3 топқа бөлінді. Коучингке қатыспаған ата-аналар көрермендер қатарында болды. Тапсырманың алдында «Тамақтану пирамидасы» атты бейнежазба қойылды. Бейнежазба қою арқылы күнделікті тұтынып жүрген кейбір өнімдердің пайдасынан гөрі зияны көп екенін, оның адам ағзасына зиян алып келетін чипсы, газды сусындар, фаст-фуд (бутерброд), майонез және кетчуп қосылған ходдог сияқты тағамдардан гөрі, бір реттік ыстық тамақтың бала ағзасына пайдасы түсіндірілді. 3 топқа бөлінген ата-аналарға тапсырмалар берілді.
1 топқа тапсырма «Ағзаға зиян алып келетін өнімдер туралы білеміз бе?».
2 топқа тапсырма «Дұрыс тамақтанудың алтын ережелері»
3 топқа тапсырма «Бір реттік ыстық тамақтың тиімділігі».
Постер қорғау барысында ата-аналар бір реттік ыстық тамақтың балаларына пайдасы зор екендігіне көз жеткізді.
Коучингтің соңында ата-аналарға жаңа оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығы негізінде мемлекеттік қызмет көрсетудің ережелері мен тәртібі түсіндірілді. Қажетті құжаттар тізбесі туралы мәлімет беріліп, құжат қабылдау мерзімі 28 тамызға дейін қабылданатындығы айьылды.
1-7 қыркүйек аралығында «Дұрыс тамақтану-үздік білім арқауы» атты тақырыпта апталық өтті. Оның негізгі мақсаты – мектеп оқушыларының денсаулығын нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Апталық аясында ата-аналарға арналған ашық есік күндері ұйымдастырылды. Онда, ата-аналардың, оқушылардың денсаулығын нығайту, қауіптің мінез-құлық факторларын алдын алу, тиімді тамақтану, физикалық белсенділікті насихаттау, репродуктивті тамақтану және т.б. мәселелер бойынша кеңестер берілді.
14-23 қазан аралығында «Тиімді тамақтану» онкүндігі ұйымдастырылды. Онкүндіктің мақсаты: дұрыс тамақтану бойынша ақпараттануын арттыру арқылы оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту,тамақтану сапасы мен мəдениетін жақсарту,салауатты өмір салтын қалыптастыру.Жоспар бойынша ашық тәрбие сағаттары өткізілді, ата-аналар мен оқушылардан сауалнамалар алынды, медициналық қызметкер оқушыларға «Қажетті дәрумендер және оның пайдасы» туралы кеңес берді.
Әр жарты жылдықта «Ата-ана үнін тыңдау» күні ұйымдастырылады. Жабық түрде сынып буындары бойынша ата-аналардан сауалнамалар алынды. Ондағы мақсатымыз, беріліп жатқан тамақтың сапасын анықтау. Сондай-ақ, жұмыстың осал тұстарын анықтап, түзету.
Ата-ана, оқушы үнін тыңдау арқылы салауатты ұрпақ тәрбиелеуге, табысты мектепке қол жеткізуге болатының түсіндік.
Балалардың өсіп және тұлғасының қалыптасу кезеңіндегі дұрыс тамақтануы алдымен болашақ ұрпақ денсаулығының жолы және әр бір жаңа ұрпақтың жиналған білімді, нәтижелі түрде игеріп кетуінің кепілділігі екен. Қазіргі уақыттағы ғылымның талабына сонда ғана қол жеткіземіз.
Сөзімді Брукфилдің 4 линзасы арқылы қорытындылайтын болсам :
Автобиографиясы
Мекеме басшысы
ретінде отбасының матиралдық –тұрмыстық
ахуалын зерделеуге салауатты өмiр салтына ынталандыру жөнiндегi қажеттi
шаралардың
орындалуы қамтамасыз етiледi.
Оқушы көзімен
«Тамақтану оқушылар көзімен» тақырыбы бойынша мектепте 2-10 сынып арасынан 180 оқушыдан сауалнама алынды. Нәтижесі бойынша 1 мезгілдік ыстық тамақтың берілуі қажет екендігіне көз жеткіздік. Оның дәлелі ретінде бейнежазбаны ұсынамын.
Ата-ана көзімен
«Ата-ана көзімен» тақырыбы бойынша мектепте 5-10 сынып оқушыларының 120 ата-аналарынан сауалнама алынды. Сауалнаманы өңдеу барысында 1 мезгілдік ыстық тамақтың сапалылығына және ата-анаға тамақтану туралы түсіндіру жұмыстарының жеткілікті деңгейде жүргізіліп жатқандығы көз жеткіздік.
Теориясы
2020 жылға қарай мектептердегі бастауыш және мектепалды сыныптар оқушыларының 100%-ы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.
2020 жылға қарай ауылдық жерлердегі жалпы білім беретін орта мектептердің 100%-ында күрделі жөндеуден өткен және жаңа жабдықтармен жарақтандырылған толық кезеңдік асхана жұмыс істейді. (Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы-12 бет)