Жаңа форматтағы ҰБТ мен мектеп түлектеріне арналған іс- шаралардың ұйымдастырылуы туралы мәселелер қаралған ата- аналар жиналысында
Жаңа форматтағы ҰБТ мен мектеп түлектеріне арналған іс- шаралардың ұйымдастырылуы туралы мәселелер
қаралған ата- аналар жиналысында
Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 10.05.2017жылғы № 745 хатына, облыстық білім басқармасының 05.05.2017 жылғы № 02-1673 хатын орындау мақсатында 2017 жылы 12 мамыр күні ата- аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 74 ата-ана қатысты.
Күн тәртібінде мектептегі қамқоршылық кеңестің қызметі, демеушілік және қайырымдылық жұмысының орындалуы. Жаңа форматтағы ҰБТ мен мектеп түлектеріне арналған іс- шаралардың ұйымдастырылуы туралы және «Мектепке кітап сыйла» акциясын өткізу мәселелер қаралды.
Бірінші мәселе бойынша мектептің әлеуметтік педагогі Р.Нуртаева қамқоршылық кеңестің қызметі туралы қысқаша айтып, қайырымдылық жасаған демеушілерге алғысын білдірді.
Екінші мәселе бойынша мектеп директоры Г.Муратова сөз алып жаңа форматтағы ҰБТ мен мектеп түлектеріне арналған іс- шаралармен таныстырып, бейнероликтер көрсетіп түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Үшінші мәселе бойынша «Мектепке кітап сыйла» акциясы өткізілді. Тарих пәнінің мұғалімі Биғазиев Қуат демеушілік көрсетіп Әбддірахман Әбдірәсіловтың «Әулиеата қаласының тарихы» кітапінің 160 данасын оқушылырға сыйға тартты.