Мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру туралы » СШ№16 с.Сыпатай
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№16 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 5-16-91
Есепші бөлімі:
+7(72632) 5-16-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру туралы
19
ноябрь
2018

Мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру туралы

Мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру туралы


         Тамақтану біз ойлайтындай күнделікті, майда-шүйде мәселе емес. Ол - тіршіліктің негізі болып саналатын ағзадағы зат алмасудың дұрыс жүруіне, ағзаның ішкі тұрақтылығының қалыпты сақталуына,  қоршаған ортамен үйлесімді әрекеттесуіне әсер ететін ең негізгі фактор.

        Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық - денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет. Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін артырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.

     Сондықтан, мектепте  оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалған. Әкімшілік пен мұғалімдердің айрықша бақылауымен Жалпыға ортақ білім беру қоры есебінен тегін тамақтануға құқығы бар аз қамтылған отбасылардың балалары тамақтандырылады. Мектеп бойынша  тегін тамақтандырумен  21 бала, 47% ата-аналар есебінен  ыстық тамақпен қамтылған.

            Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі  №198 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің  жекелеген санаттарына  тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты,Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2008 жылығы 25 қаңтардағы №64 Қаулысы  басшылыққа алынды.

           Мектепте білім алушылар  мен тәрбиеленушілердің әлеуметтік тұрмыстық жағдайына байланысты жекелеген санаттары бойынша бөлінді.

        Тамыз айында мектеп бойынша     әлеуметтік жағдайы төмен  11 отбасынан өтініш келіп түсті. Нәтижесінде   21 бала тізімге алынып,                           3 санатқа бөлінді.

Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отыбасыларынан шыққан 1отбасы, 2 бала.  Жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұсынылатын мемлекеттік  атаулы әлеуметтік  көмекті  тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама қабылданды.

Ата –ана қамқорлығынсыз қалған балалар  2 отбасында  2 бала.              Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылық пен қамқоршылық туралы анықтама негізге алынды.

Отбасының материалдық- тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде жалпы  білім беретін мектептерде  білім алушылар  мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы білім беру ұйымдарының алқалық орган шешімінің, сондай –ақ қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін басқа да қажетті құжаттардың көшірмесі.  8 отбасынан 17 бала анықталды.  Отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде, ыстық тамаққа жекелеген санаттар бойынша қабылданған құжат бойынша оқушылардың тізімі 29.08 күні  №1 педагогикалық кеңесте бекітілді.

        Мектеп асханасында азық-түліктердің сапасын және ас мәзірінің дәмдік сапасын қадағалау мақсатында ата-аналар комитеті  өкілдерінің, мектеп әкімшілігінің  медицина қызметкерінің және басқа адамдардың қатысуымен тамақтандырудың  сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі  комиссия құрылады,  құрамы 5 адамнан тұрады.Тамақтану үшін сабақ арасындағы 15 минуттық үзілістер  ұйымдастырылған.

        Әр жарты жылдықта «Ата-ана үнін тыңдау» күні ұйымдастырылады. Жабық түрде сынып буындары  бойынша  ата-аналардан сауалнамалар алынды. Ондағы мақсатымыз, беріліп жатқан тамақтың сапасын  анықтау. Сондай-ақ, жұмыстың осал тұстарын анықтап, түзету.

Ата-ана, оқушы үнін тыңдау арқылы салауатты ұрпақ тәрбиелеуге, табысты мектепке қол жеткізуге болатының түсіндік.

 

 

 

       Балалардың өсіп және тұлғасының қалыптасу кезеңіндегі дұрыс тамақтануы алдымен болашақ ұрпақ денсаулығының жолы және әр бір жаңа ұрпақтың жиналған білімді, нәтижелі түрде игеріп кетуінің кепілділігі екен. Қазіргі уақыттағы ғылымның талабына  сонда ғана қол жеткіземіз.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив