25
ноябрь
2024
«Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық, бопсалау мен әлімжеттіктің алдын алу!» тақырыбында ұлдар жиналысы өтті.
2024 жылдың қараша айының 22 күні №16 жалпы орта білім беретін мектебінде 8-11 сыныптың ұл балаларымен «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық, бопсалау мен әлімжеттіктің алдын алу!» тақырыбында ұлдар жиналысы өтті.
Мақсаты: Ер балалар арасында зиянды әдеттердің алдын алу, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім орната отырып, бүгін мен болашаққа деген жауапкершілікті қалыптастыру.
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі-балалар мен жасөпірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Жиналыста ұлдар тәртібі, оқушылар арасында ақша бопсалау, күш көрсету арқылы әлімжеттік жасау, топтық бұзақылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ауырлатылған мән-жайларда тұлғалар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы туралы айтылып, видеоролик арқылы түсінік берілді. ҚР Әкімшілік Құқық бұзушылық Кодексінің 442 бабының 1-2 бөлімінің орындалуы бойынша түнгі 22.00-6.00 аралығында заңды өкілдерінсіз түнгі мезгілде қоғамдық орындарда жүрмеу туралы айтылды. Оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын айтты.
[media=

]