14
февраль
2023
«Құқық бұзушылықтың алдын алу, бопсалау» тақырыбында сауалнама алынды.
Меркі ауданының білім бөлімі Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің 2023 жылғы 02 ақпандағы №21-28/057 хатына сәйкес 2023 жылдың ақпан айында №16 жалпы орта білім беретін мектебінде құқықтық тәрбие беру айлығының іс-шаралар жоспары бойынша мектеп психологтары А.Байназарова, Т.Мухамеджан 5-11 сынып білім алушылары арасында қылмыстың, құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, буллингтің, бопсалау, жыныстық тиіспеушілік фактілерін анықтау мақсатында «Құқық бұзушылықтың алдын алу, бопсалау» тақырыбында сауалнама алынды. Зерттеуге қатысқан білім алушылардың жауабы өңделіп нәтижесі шығарылды. Сауалнамаға қатысқан 5 – 11 сынып білім алушылары арасында айқын бопсалау, әлімжеттік, құқық бұзушылық фактілері анықталған жоқ. Сауалнама барлығы 168 білім алушы қатысты.