10
сентябрь
2021
"Жасөспірімдер арасында кибербуллингтің алдын алу "
14 қыркүйек күні №16 жалпы орта білім беретін мектеп директоры Г. Муратова және директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Пусырова, психологтар А.Байназарова, Т.Мухамеджанның қатысуымен 8-11 сынып білім алушылары арасында "Жасөспірімдер арасында кибербуллингтің алдын алу " тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында оқушыларға жол ережесі, қауіпсіздік шаралары, буллинг-кибербуллинг, бопсалау, әлімжеттік қауіпсіздігі, қоғамдық жердегі этика, құқықтық мәдениет, заңнамалық-нормалар, құқық бұзушылықтың түрлері мен заң аясындағы жауапкершілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді .