14
октябрь
2022
"Құқықтық білім және құқық бұзушылықтың алдын алу"
2022 жылы қазан айының 13 күні №16 жалпы орта білім беретін мектебінде "Құқықтық білім және құқық бұзушылықтың алдын алу" айлығы аясында кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылық, күш көрсету, әлімжеттік пен бопсалаудың алдын алу мақсатында "Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік" тақырыбында Меркі АПБ ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы полиция майоры, мектеп инспекторы Е. Тупеков 7-11 сынып білім алушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында білім алушыларға өмірде кездесетін келеңсіз жағдайлармен таныстыра отырып, құқық бұзушылыққа итермелейтін жайттар туралы ақпарат беріліп, қылмыс, ұрлық, әлімжеттілік, бопсалау жасаған оқушылар заң аясында жауакершілікке тартылатындығы туралы айтылды. Кездесуде оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, сұрақтарына толық жауаптарын алды.