11
октябрь
2022
"Құқықтық білім беру және құқық бұзушылықтың алдын-алу"
2022 жылы қазан айының 11 күні №16 жалпы орта білім беретін мектебінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және болдырмау мақсатында 10 қазан 10 қараша күндері аралығында өткізілетін "Құқықтық білім беру және құқық бұзушылықтың алдын-алу" айлығының ашылуы болып өтті. Құқық бұзушылықтың айлығының ашылуына мектеп директоры Г Муратова қатысып, білім алушыларға түнгі мезгілде ата-аналарының қарауынсыз көшеде жүрмеу туралы, әрбір жасөспірім тәртібі мен тәрбиесіне мән беріп, бос уақытын тиімді пайдалана білсе, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуына көп септігін тигізері сөзсіз екенін айтып өтті. ДҚТЖО А.Пусырова "Құқық бұзушылықтың алдын-алу, басты міндет" тақырыбында баяндама оқып, жасөспірімдерге қоғамдағы келеңсіз жайттардан сақтану, Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Әкімшілік Кодексінің заңнамаларымен таныстырып, кеңінен мағлұматтар берді.