07
сентябрь
2022
"Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік" тақырыбында кездесу өткізілді.
7 қыркүйек күні №16 жалпы орта білім беретін мектебінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және құқық бұзушылықпен зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында 8-11 сынып білім алушылар мен ата- аналар арасында, Меркі АПБ ӘПБ бастығының орынбасары Б.Байтемиров пен АПБ ЖПҚ ЮПТ мектеп инспекторы Е.Тупековтың қатысуымен "Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік" тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында жол ережесі, көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұру, түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болмау, психотропты заттардың зияны туралы, мектепке әкелуге болмайтын тыйым заттар туралы айтылды. Іс-шара барысында қоғамдық жердегі этика, құқықтық мәдениет туралы айтып өтсе, аудандағы құқықбұзушылық статистикасы туралы мәліметтер беріп, білім алушыларға заңнамалық-нормалар, құқық бұзушылықтың түрлері мен заң аясындағы жауапкершілігі туралы кеңінен түсіндірді.