19
февраль
2021
"Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық"
19.02.2021ж №16 жалпы орта білім беретін мектебінде директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Пусырованың ұйымдастыруымен, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, әкелер кеңесінің жұмысын кеңінен насихаттау арқылы олардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру мақсатында 8-11 сыныптың ұлдары арасында "Әкелер мектебінің" төрағасы Т. Досалиев және кәсіпкер А.Кикинадзе, А.Омаров, Меркі аудандық полиция бөлімінің ювениалды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры Б.Дәуренбеков, мектеп инспекторы Е.Тупековтың қатысуымен "Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық" тақырыбында кездесу өткізілді.Кездесу барысында ДҚТЖО А.Пусырова "Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі" тақырыбында баяндамамен бастаса, АПБ ЮПТ полиция майоры Б.Дәуренбеков қылмыстың, бұзақылықтың, әлімжеттік пен бопсалаудың алдын алу мәселелері туралы ой қозғады.Сондай-ақ әкелер ұлдар тәрбиесі, олардың тәртібі, мейірімділігі, бір-біріне деген қамқорлығы жөнінде, әрбір жасөспірім келешекте елдің нағыз патриотына айналуы тиістігі туралы ақыл, кеңестерін айтты.