10
сентябрь
2021
«Қауіпсіз мектеп ортасы»
2021 жылғы 10 тамыз бен 20 қыркүйек күндері аралығында «Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акциясы өткізілуде. Осыған орай балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және профилактикалық қауіпсіздік шараларын жетілдіру мақсатында 9-шы қыркүйек күні №16 жалпы орта білім беретін мектебінде Меркі ауданы АПБ ЖПҚ ЮПТ полиция майоры, мектеп инспекторы Е.Тупеков , АПБ ЖПҚ УПИ полиция майоры А.Исахметовтің қатысуымен 8-11 сынып білім алушыларымен кездесу өткізілді. Алғашқы сөзді мектеп директоры Г Муратова оқушыларға мектептің ішкі тәртібі мен ережелері туралы, сабақтан себепсіз қалмау, күндіз және түнде бей берекет жүріске жол бермеу, керектігін ескертті. Мектеп инспекторы Е.Тупеков оқушыларға жол ережесі, қауіпсіздік шаралары, буллинг-кибербуллинг қауіпсіздігі туралы, жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігі туралы айтты.