05
сентябрь
2022
Білім алушыларға мектептің ішкі тәртіп ережелері
2022 жылы 5 қыркүйек күні мектеп әкімшілігі таңертеңгілік рейд жүргізді. Білім алушыларға мектептің ішкі тәртіп ережелері таныстырылып, мектепке тыйым салынатын заттар, ұялы телефон әкелмеу туралы, сабақтан себепсіз қалмау, кешікпеу, әдептілік туралы айтылды. Сонымен қатар мектеп формасы талапқа сай, яғни қыз балалардың юбкасы тізеден төмен, ұл балалардың шалбары тобықты жауып тұру керек екені ескертілді.