12
октябрь
2021
рейдтік іс-шара
2021 жылы қазанның 12 күні №16 жалпы орта білім беретін мектебінің әкімшілігінен құрылған мобильдік топ, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тыйым салынған заттарды анықтау бойынша рейдтік іс-шара ұйымдастырды. Рейд барысында білім алушылардан оқу-құралынан басқа бөгде заттар анықталған жоқ. Білім алушыларға мектептің ішкі тәртібі туралы және сабаққа қатысы жоқ артық, (жарылғыш заттар, ұялы телефон, үшкір заттар,) зақым келтіретін бөгде заттарды әкелмеуі туралы ескертіліп айтылды.