28
апрель
2021
"Құқық бұзушылық және жауапкершілік"
2021жылы 28 сәуір күні №16 жалпы орта білім беретін мектебінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында "Құқық бұзушылық және жауапкершілік" тақырыбында 9-11 сыныптың ұлдары арасында Меркі аудандық полиция бөлімінің ювениалды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры Б.Дәуренбеков, мектеп инспекторы Е.Тупековпен кездесу өткізілді. Кездесу барысында білім алушыларға қылмыстың, бұзақылықтың, әлімжеттік пен бопсалаудың алдын алу мәселелері туралы ой қозғады.Сондай-ақ ұлдар тәрбиесі, олардың тәртібі мен түнгі мезгілде бей-берекет жүрмеуі туралы ескертіліп айтылды.