12
октябрь
2022
«Құқықтық білім мен құқық бұзушылықтың алдын алу»
2022 жылы қазан айының 12 күні «Құқықтық білім мен құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығы аясында №16 жалпы орта білім беретін мектебінде білім алушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге, ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында 9-10 сынып білім алушыларымен «Құқық - әділет пен парасат жолы» тақырыбында көрме-сұрақ ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шара барысында кітап көрмесіне қойылған оқулықтар бойынша «Өрмекші торы» әдісі арқылы білім алушыларға Бала құқығы туралы заңдардан бірнеше сұрақтар қойылып, ұтымды жауаптар алынды.
Жауапты: Кітапханашы Ж.Ибрагим
Жауапты: Кітапханашы Ж.Ибрагим