22
февраль
2022
"Құқық бұзушылықты болдырмау үшін не істеу керек?" тақырыбында
№16 жалпы орта білім беретін мектебінде "Құқық бұзушылықтың алдын алу" айлығы аясында Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында, "Құқық бұзушылықты болдырмау үшін не істеу керек?" тақырыбында 9-10 сынып білім алушыларымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында жасөспірімдер арасында болып жатқан қылмыстардың көбейіп кеткендігі және қылмыстық жауапкершілік туралы, қылмыс пен құқық бұзушылық фактілерінің түбі, заң аясында жауапкершілікке тартылатындығы туралы айтылды. Сондай-ақ "Жастар арасында қылмыстар" атты бейнероликтер көрсетіліп, Білім алушыларға бірнеше сұрақтар қойылып, ой-пікірлерімен бөлісті.
Жауапты: ДҚТЖО А.Пусырова
Жауапты: ДҚТЖО А.Пусырова