27
ноябрь
2025
“Даналық мектебінің” жылдық жоспарына сәйкес “Ағасы бардың жағасы бар” тақырыбында ағалар мен оқушылар арасында тәрбиелік мәні зор кездесу ұйымдастырылды.
Мектебімізде 24 қараша күні “Даналық мектебінің” жылдық жоспарына сәйкес “Ағасы бардың жағасы бар” тақырыбында ағалар мен оқушылар арасында тәрбиелік мәні зор кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – ер балаларға үлгі боларлық азаматтардың өмір жолымен таныстыру, үлкенді құрметтеу, жауапкершілік пен адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіру болды.
Кездесу барысында ауылдың және мектептің түрлі салада еңбек етіп жүрген ағалары өз тәжірибелерімен бөлісіп, өмірлік кеңестерін берді. Олар оқушыларға тәртіпті болу, еңбексүйгіштік, мақсат қоя білу және сол мақсатқа жету жолындағы табандылық туралы әңгімеледі. Сонымен қатар, ер бала тәрбиесіндегі әке мен ағаның рөлі, үлгі көрсетудің маңызы кеңінен сөз болды.
Оқушылар ағаларға қызықтырған сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасуға мүмкіндік алды. Кездесу соңында қатысушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, болашаққа үлгі боларлық ой түйді. Бұл шара жасөспірімдердің тәрбиесіне оң әсерін тигізіп, олардың бойында жауапкершілік пен сыйластық қасиеттерін нығайтты.