10
октябрь
2025
“Дін және салт-дәстүр” тақырыбында білім алушылармен кездесу өткізілді.
2025 жылғы 18 қыркүйек күні 16 жалпы орта білім беретін мектебінде “Дін және салт-дәстүр” тақырыбында білім алушылармен кездесу өткізілді. Іс-шараның мақсаты – ұлттық салт-дәстүр мен діни құндылықтардың өзара байланысын түсіндіру, жастардың рухани дүниетанымын кеңейту және олардың бойында адамгершілік, имандылық қасиеттерді қалыптастыру болды.
Шара барысында қатысушылар қазақ халқының дәстүрлерінің дінмен сабақтастығы, олардың жастар тәрбиесіндегі маңызы туралы мазмұнды әңгіме тыңдады. Сонымен қатар, діни көзқарастағы қате түсініктер мен дәстүрге қарсы әрекеттердің алдын алу мәселелері қозғалды. Оқушылар белсенді қатысып, өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Кездесу жылы әрі танымдық сипатта өтіп, жас ұрпақтың рухани және мәдени құндылықтарға деген құрметін арттырды.