27
ноябрь
2025
“Ерте жүктіліктің алдын алу” тақырыбында аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандарымен кездесу ұйымдастырылды.
Мектебімізде 27 қараша күні “Ерте жүктіліктің алдын алу” тақырыбында аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің қауіптілігін түсіндіру, оның физикалық, психологиялық және әлеуметтік салдарын жан-жақты қарастыру болды.
СӨС мамандары оқушыларға репродуктивтік денсаулықты қорғау, жауапкершілікпен шешім қабылдау, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру жөнінде маңызды мәліметтер ұсынды. Сонымен қатар, ерте жүктіліктің оқу үлгеріміне, болашақ жоспарларға және жалпы өмір сапасына әсері туралы нақты мысалдар келтірілді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық әңгіме жүргізуге мүмкіндік алды. Мамандар жасөспірімдерге өз денсаулығына ұқыпты қарау, дұрыс ақпарат көзін таңдау және ата-анамен, ұстаздармен ашық сөйлесудің маңызын ерекше атап өтті.
Бұл шара оқушылардың білімін кеңейтіп, жауапкершілік сезімін арттыруға ықпал етті.