28
апрель
2025
«Жұмысшы мамандықтар жылы: кәсіби бағдар –бүгіні мен болашағы» атты айлық барысында «Мамандық әлеміне саяхат» тақырыбына 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді.
№ 16 жалпы орта білім беретін мектебінің «Жұмысшы мамандықтар жылы: кәсіби бағдар –бүгіні мен болашағы» атты айлық барысында «Мамандық әлеміне саяхат» тақырыбына 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың мамандықтар туралы түсінігін кеңейту, қызығушылығы мен бейімділігіне қарай дұрыс таңдау жасауға бағыт беру. Оқушылардың кәсіби қызығушылығын анықтау, мамандықтар туралы түсінік қалыптастыру, болашаққа дұрыс бағыт-бағдар беру.
Сынып сағаттары барысында бейнероликтер көрсетіліп, презентациялар ұсынылды. Психолог кәсіби бағдарға арналған тесттер жүргізді. Жоғары сынып оқушыларына маман иелерімен кездесулер ұйымдастырылды. Сынып сағаты оқушылардың мамандық әлеміне деген қызығушылығын арттырып, өз болашағына саналы көзқараспен қарауына сеп болды. Қатысушылар мамандық таңдауда ең маңыздысы – жүрек қалауына, қабілетіне және қоғам сұранысына сай болу керектігін түсінді.
КББП Нуртаева Р