31
январь
2022
"Мамандық әлеміне саяхат" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
№16 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылардың кәсіби бағыттылығын анықтау, өзін мамандықтар әлемінде таба білу, өзінің қоғамға қажетті адам екенін сезінуіне жағдай жасау, мамандықтар туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларды, ата-аналарды мамандық таңдау бойынша керекті мәліметтер және ақпараттармен қамтасыз ету мақсатында мектеп психологі А.Байназарова 11 сынып оқушыларымен және ата-аналарымен "Мамандық әлеміне саяхат" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара барысында "Мамандықты тап" жаттығуында болашақ мамандықтарын таңдағанда ең маңызды болып табылатын шарттарды өзара пікірлесіп, ұстанған көзқарастарн топтарға бөліп, қорғай білді. "Армандар" әдісі арқылы оқушылар мен ата-аналардан кері байланыс алынып, ойларын түйіндеп қазіргі уақыттағы сұранысқа ие мамандықтарды аса қызығушылықпен атап қатысты.