02
февраль
2022
№9 колледж мамандары кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.
№16 жалпы орта білім беретін мектебінде №9 колледж мамандары кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.
Кездесуге №9 Меркі колледжінің кәсіптік бағдар беру тобы Ж.Шәріпхан, Б. Тырнақбаев, Ш.Макебаев, О.Аймбетов, В.Байдаулетова мен мектептің 9 сынып оқушылары қатысты. Кездесу мақсаты: Оқушылардың болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауына бағыт бағдар беру, ауылшаруашылық мамандықтарға және олардың ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту, еңбек нарығындағы болашағы бар мамандықтар туралы ақпарат беру.
Оқушыларға колледж тарихы, жетістіктері, материалдық техникалық базасы туралы ақпарат беріп, оқытатын, "Фермер шаруашылығы", "Дәнекерлеу ісі", "Тамақтандыруды ұйымдастыру", "Токарлық іс және металл өңдеу", "Есептеу техникасы мен бағдарламалардв қамтамасыз ету", "Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары", "Ақпараттық жүйелер" мамандықтарымен таныстырып, бейнеролик көрсетіліп, мамандықтар туралы брошюралар таратылды.