14
февраль
2022
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің оқытушысы келіп 9,11 сынып білім алушыларымен кездесті. Кәсіби бағдар жұмыстарын жасау мақсатында білім алушылармен сұхбат жүргізді.
2022 жыл 14 ақпан күні Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің оқытушысы келіп 9,11 сынып білім алушыларымен кездесті. Кәсіби бағдар жұмыстарын жасау мақсатында білім алушылармен сұхбат жүргізді. Білім алушыларға кәсіби бағдар беру – жас ұрпақты өсіруге, оқытуға, тәрбиелеуге жетелейді. Кәсіптік бағдар бойынша жұмыс барысында білім алушылар мамандықтар әлемімен танысты. Білім алушыларға қызығушылық танытқан мамандықтарға қатысты кеңестер беріліп, таңдаған мамандықтар туралы ақпарат берілді.
Кездесу барысында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті туралы жан-жақты мәлімет берілді, білім алушыларға университет жайында брошюралар таратылды. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспіз”-деген сөздермен кездесу қорытындыланды