06
октябрь
2022
ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын пысықтау
06 қазан күні №16 жалпы орта білім беретін мектебінде 11 сыныпқа сабақ беретін негізгі пән мұғалімдері, сынып жетекшілері және мектеп әкімшілігімен мектеп директоры Г.Муратова ҰБТ өткізу ерекшеліктерімен таныстырды, IT мамандығын таңдаған білім алушы Рысбек Азамат математика- информатика пәнінен тапсырады. Білім алушылар қосымша кестеге сәйкес дайындық жұмыстары жүйелі, нәтижеге жүргізілу керектігі айтылды. Тест тапсырмаларына тек оқыған материалды жаңғыртуға ғана емес, нақты жағдайларда және жаңа жағдайларда пайдалануға атап айтқанда қағидаларды, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, теорияларды қолдануға бағытталған жұмыс жүргізілу түрлері ұсынылды.
