16
январь
2021
Ақпарат
Жамбыл облысы әкімдігінің Б.Сапарбаевтың 2021 жылғы 6 қаңтардағы №2 қаулысы негізінде Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың қағидаларын бекіту туралы мектеп директоры Г.Муратова мектеп әкімшілігі, мектепалды даярлық сынып мұғалімдері, 4,5,6,7 сынып жетекшілері және әдістемелік бірлестік жетекшілерін оқуға қабылдау қағидаларының жалпы ережесі және қабылдау тәртібімен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Білім беру ұйымдары оқуға қабылдауды Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Қабылдау қағидаларға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ олардың негізінде әзірленген білім беру ұйымдарының жарғыларына сәйкес жүзеге асыратыны туралы.