10
февраль
2022
«Алтын белгі» үміткерлерімен де алдағы уақытта дайындық жасауға бағыт –бағдар берілді.
2022 жылдың 10 ақпан күні 11 сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауға дайындығы туралы мектеп директоры Муратова Гульжамал Алметовна пән мұғалімдерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қорытынды аттестаттау білім алушылардың жалпы орта білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау, оқу бағдарламаларын меңгеруі білім алушылардың міндетті қорытынды аттестаттауымен аяқталатындығын айтты. Қорытынды аттестаттаудың өтілу формасы, өткізілу нысандары, тапсырмалары, бағалану жүйесі жайлы, биылғы оқу жылындағы ерекшеліктері, ережелері туралы айтылды. «Алтын белгі» үміткерлерімен де алдағы уақытта дайындық жасауға бағыт –бағдар берілді.