15
февраль
2019
Олар бейбіт өмірде от кешті
Олар бейбіт өмірде от кешті
Ағымдағы жылдың 14-ақпаны күні №16 жалпы білім беретін мектебінде Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті.Кездесу кешіміздің мақсаты келешек жас буынның Отанға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылады.Осыған орай аудандық білім бөлімімен бірлесе отырып жоспарға сай мектебіміздің күнтәртібінде жасалған іс-шарамызға Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Осынау зұлматты жылдардың ауыртпашылығымен Отан алдындғы антының адалдығы үшін айқасқан батырларымыз өздерінің бастан кешкен әңгімелерін баяндай отырып оқушылардың көкейінде жүрген түрлі сұрақтарына жауап берді.Кеш қонақтары өзіміздің жерлестеріміз Ауған соғысының ардагері «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері Рахымбаев Билібек Әділұлы кеш қонағы болды. Осы кешке арнайы 2002 жылы туылған ұлдарымызға Әскери есепке тұру куәлігін салтанатты түрде тапсыруға Меркі ауданының Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімінің жұмылдыру бөлімшесі бастығы - бөлім бастығының орынбасары капитан Абиев Жандос Серікұлы арнайы келді. Кешіміздің барысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы шығарылып, Ауған соғысында көз жұмған қахарман жерлестерімізді еске алып 1минут үнсіздікпен басталды.Кешіміздің қонағы Ауған соғысының ардагері «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері Рахымбаев Билібек Әділұлы өз басынан өткізген тарихи сәттерді әңгімелей келе біздің Меркі ауданынан Ауған соғысына 110 адам аттанып, азаматтық борышын өтегенін айтты. Дегенмен, соғыс адам өлімінсіз болмайды. Бұл соғыста да меркілік 5 азамат ерлікпен, әскери тапсырманы орындау кезінде жау оғынан мерт болған. Енді міне, биыл 15-ақпан күні Кеңес Одағы әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында Ауған соғысын өз көздерімен көрген олардың жан жарасы әлі жазылған жоқ, мәңгі естерінде. Сол соғыста жарақат, контузия алып, жүйке ауруларына шалдыққан 17 меркілік соғыс ардагерлері бейбіт өмірде жастары 40-50-ге жетпей қайтыс болыпты. Яғни, бұл соғыстың зардаптарын Ауған соғысы ардагерлері әлі сезінуде.