06
декабрь
2017
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасы» аясында «Ақсақ қыздың зары» тақырыбында ақын, жыршы Шошабаев Бейбіт Сейтімбетұлымен өткізілген кезд
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасы» аясында «Ақсақ қыздың зары» тақырыбында ақын, жыршы Шошабаев Бейбіт Сейтімбетұлымен өткізілген кездесу кеш туралы
2017 жылы 27 қараша айында сағат 2 де «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өлкемізде елге адал қызмет етіп, халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің шығармаларын оқуға насихаттау,олардың еңбек, өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа үлгі тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру мақсатында «Ақсақ қыздың зары» тақырыбында Меркінің тумасы ақын, жыршы Шошабаев Бейбіт Сейтімбетұлымен кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Залға жиналған оқушылар мен ұстаздар ақынға өмірі жайлы әр түрлі тақырыпта сұрақтар қойып, жазушының шығармашылығына қызығушылық танытып, сәтті мүмкіндікті ұтымды пайдаланып қалуға тырысты. «Ақсақ қыздың зары» толғауынан оқушылар көрініс қойып, өз кезегінде ақынның өлең жолдарынан оқушылар мәнерлеп оқыды. Кездесу аясында, ақынның шәкірті аудандық, облыстық жыр,терме байқауының бас жүлдегері 7 сынып оқушысы Айдар ақынның шығармашылығынан «Тұрар» толғауын орындап берді. Ақын Бейбіт Сейтімбетұлы Сыпатай ауылының мектебіне арнап қазақтың қара домбырасымен «Сыпатай» толғауын орындап берді. Мектеп директоры Муратова Гүлжамал Әлметқызы ақын Бейбіт Сейтімбетұлына мектеп ұжымы және оқырмандар атынан алғыс айтып,шығармашылық табыс тілеп,қазақи дәстүрмен шапан жапты.